нобай|оңға|Адырбеков, 2014 жыл Икрам Адырбекұлы Адырбеков (8 шілде 1950 жыл, Ташкент облысы, «Қызыл әскер» ауылы) — қазақстандық мемлекет қайраткері және дипломат, 1-дәрежелі Төтенше Өкілетті Елші (2000), экономика ғылымдарының докторы (1995).

Қоңырат руынан шыққан.

Алматы мал дәрігерлік институтын (1972), Қазақстан КСР Ғылым Академиясының Эксперименттік биология институтының аспирантурасын (1976), Менеджмент және маркетинг институтын (1995), Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Мемлекет қызмет академиясын (1999) бітірген. 1972 – 79 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы эксперименттік биология институтының өтілгер-зерттеушісі, аспиранты, кіші ғылыми қызметкері, 1979 – 83 жылы Шымкенттегі «Қаракөл» ғылым-өндірістік бірлестігінің аға ғылым қызметкері, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1983 – 85 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы парткомының ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, осы облыстың «Бөржар» кеңшарында партком хатшысы, 1985 – 88 жылы «Қаракөл» ғылым-өндірістік бірлестігінде бөлім меңгерушісі, 1988 – 89 жылы «Қазқаракөл» республикалық ғылым-өндірістік бірлестігі төрағасының орынбасары, 1990 – 92 жылы «Қазақжабағықаракөл» республикалық өндірістік-коммерцемиялық концернінің президенті, 1992 – 93 ж. «Қазагросыртқысауда» экономика қауымдастығының бас директоры, 1993 – 96 жылы «Агросауда» мемлекет сыртқы сауда акционерлік компаниясының және «Агросауда» акционерлік қоғамының президенті, 1996 – 97 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары – Бас қаржылық-әкімшілік басқармасының бастығы, 1997 – 2002 жылы Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы, сонымен қатар 1998 – 2004 жылы Қазақстан Республикасының Эстон Республикасындағы, 2002 – 2004 жылы Малайзия еліндегі, сонымен қатар 2003 – 04 жылы Индонезия, Филиппин, Бруней мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2004-2007 жылы Қызылорда облысы әкімі. 2007-2011 жылы Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасы, сондай-ақ Вьетнам Социалистік Республикасы және Корей Халықтық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2011 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретінде тағайындалған. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы. Бірнеше медальдармен, Литва Республикасының «Великого князя Гедеминаса 3 степени» орденімен марапатталған. Қызылорда облысының құрметті азаматы (2010)."Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:1950 жылы туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан дипломаттары Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қызылорда облысының әкімдері Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Қазақстанның Литвадағы елшілері Санат:Қазақстанның Латвиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Эстониядағы елшілері Санат:Қазақстанның Малайзиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Филиппиндердегі елшілері Санат:Қазақстанның Қытайдағы елшілері Санат:Қазақстанның Вьетнамдағы елшілері Санат:Қазақстанның Солтүстік Кореядағы елшілері Санат:Қазақстанның Индонезиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Брунейдегі елшілері Санат:Шыназ ауданында туғандар