Текетау – Қостанай облысы Жангелді ауданы жеріндегі ұсақ шоқылы тау.
Жер бедері Солтүстіктен оңтүстікке қарай 45 км-ге созылып жатыр, ені 15 км. Ең биік жері – Аңдағұлтөбе тауы (212 м). Беткейлері сай-жыралармен тілімделген.
Геологиялық құрылымы Беті су шаю эрозиясына ұшыраған палеоген қабаттарының жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Боз, селеу аралас жусан өседі, мал жайылымы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Дереккөздер
Санат:Жангелді ауданы таулары