Нұрғиса Тілендиев — Алматы облысы Іле ауданы, Қараой ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Өтеген батыр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде, Үлкен Алматы өзенінің жағалауында, бозжусан, ши, көкпек, баялыш өскен бозғылт қоңыр топырақты құрғақ далада орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен13171644 3322 202,1 799 1634 204,5 845 1688 199,8

Тарихы 2005 жылға дейін "Шилікемер" деп аталып келген. Ауыл 1954-1995 жылдары асыл тұқымды шошқа өсіретін “Іле” кеңшарының бөлімшесі болған. Тілендиевте бөлімше негізінде шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауылға 2005 жылы Нұрғиса Тілендиевтің есімі берілді.Қазақ энциклопедиясы, 9 том

Дереккөздер

Санат:Іле ауданы елді мекендері