Сәуменқұм, Сәменқұм – Бетпақдаланың солтүстік-батысындағы Сарысу маңы құмды массивінің бір бөлігі.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерінде, Жетіқоңыр, Қарақойын, Мойынқұм құмдары аралығында солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр.

Жер бедері Ауданы 300 км2. Төбешікті - қырқалы құм биіктігі 15 – 20 м. Шет аймақтарында аласарып, жазыққа ұласады. Осы тұста тұщы грунт суы жер бетіне жақын (1–2 м) орналасқан. Жусанды, бұталы шөл өсімдігі өседі. Жыл бойы жайылым ретінде пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау облысы құмдары