РақҚазақша энциклопедия 7 том. — ортағасырлық қалашық. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Қызылбайрақ ауылынан оңтүстікке қарай 1,5 км жерде, Қаратаудың теріскей бетіндегі Кеңсай шатқалында орналасқан. 1947 ж. Оңт. Қазақстан археол. экспед. (жетек. А.Н. Бернштам) ашқан, 1974 ж. Оңт. Қазақстан кешенді археол. экспед. (жетек. С.Жолдасбаев) қайта зерттеп, бірсыпыра қазба жұмыстарын жүргізді. Жобасы сопақша келген, табанының көл. 150110 м, биікт. 10 м, үсті жазық төбе. Батыс бөлігіндегі цитадельдің өлшемі 2520 м, ол қалашықтың басқа бөлігінен оқшауланған. Қалашықтың 16 — 18 ғ-ларға жататын жоғ. қабаты қазылған. Ол жерден сол дәуірдің зат қалдықтары мен жеке тұрғын үйлердің орындары, бір-бірінен 7 м қашықтықта орналасқан қалыңд. 1,5 м екі қатар қорғаныс қабырғасы ашылған. Көзе күйдіретін пештің орны, қыш ыдыстарының сынықтары табылуы, шеберханалардың ашылуы мұнда қолөнердің жеткілікті деңгейде дамығандығын көрсетеді. Қазба барысында табылған материалдар қалашықтың 12 — 18 ғ-лар аралығында болғандығын көрсетеді.

Пайдаланған әдебиеттер

Толықтыру

Санат:Терминология