Валерий Владимирович Кожевников (1942 ж. т., Ресей, Ростов облысы Александровка селосы) – инженер, Парламент сенатының депутаты.
Қазақ химия-технология институтын бітірген (1964). Химия өнеркәсібі кәсіпорындарында аппаратшы, ауысым шебері, бас инженер, бастықтың бірінші орынбасары болды. 1985 жылдан Шымкент қалалық партия ұйымын басқарды. 1988 жылдан облыстық кәсіптік одақтар кеңесінің төрағасы.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том
Сілтемелер
Санат:1942 жылы туғандар Санат:Ростов облысында туғандар Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті түлектері Санат:Шымкент қалалық партия комитетінің бірінші хатшылары