thumb|right|200px|Тараз қаласындағы Ыбырайым Сүлейменов ескерткіші thumb|right|200px|Ыбырайым Сүлейменов тақтайшасы Ыбырайым Сүлейменов (1908, Сарысу ауданы, Ұйым ауылы – 15 қазан 1943, Ресей, Невель қаласы) – 2-дүниежүзілік соғыс қаһарманы.
Өмірбаяны Орта жүз Тарақты руынан шыққан.
Сарысу ауданының «Қызыл Күншығыс» кеңшарында еңбекке араласады. 1939 жылы Жамбыл ауданындағы Жамбыл МТС-нде тракторшы болып істейді. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып мергендікке баулынады. Калинин майданының сапындағы алғашқы шайқастардың өзінде №470000 мергендік винтовкасымен 79 фашисті жер жастандырады. Великие Луки қаласы үшін болған шайқаста 60 жаудың көзін жояды. 1943 жылы күзінде Невель қаласы үшін болған кескілескен шайқаста Сүлейменов 102 фашисті өлтіріп, өзі де асқан ерлік көрсетіп қаза табады. Ержүрек жауынгердің денесі Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметовамен бірге Невель қаласының орталығына қойылған.
Марапаттары Ленин ордені Қызыл Жұлдыз ордені «Ерлігі үшін» медалі Есте сақтау Оның ерліктері жайлы 3-ші тегеурінді Армияның командирі болған генерал К.Н. Галицкийдің «1941 – 44 қаһарлы жылдар шежіресі» Ә.Нұршайықовтың «Невель түбінде» «Автопортрет», Қ.Шәріповтің «Қатардағы қаһарман» «Қаруластар» атты кітаптарында Б. Адамбаевтың «Ыбырайым батыр» атты поэмасында академик С.Бәйішевтің тағы басқа естеліктерінде кеңінен баяндалады. Есімімен аталады:
Невель қаласында көше Сарысу ауданындағы Ұйым ауылында орта мектеп Тараз қаласындағы орталық көшелердің бірА 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-ХТараз энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1908 жылы туғандар Санат:Сарысу ауданында туғандар Санат:15 қазанда қайтыс болғандар Санат:1943 жылы қайтыс болғандар Санат:Невельде қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ерлігі үшін медалінің иегерлері (КСРО) Санат:Қазақстан Халық Қаһармандары