Көкібел — Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл, Сабыр Рақымов ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км-дей жерде, Қазығұрт, Қаржантау тауларының аралығындағы жазықта, Жылыбұлақсай, Қызылатасай жылғаларының Келес өзеніне құяр тұсында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен15641775 1980 111,5 892 1007 112,9 883 973 110,2

Тарихы Іргесі 1929 жылы «Көкібел» ұжымшары болып қаланып, Жетібай ауылы аталып келді. 1963 жылдан қой өсіретін «Коммунизм» кеңшарының бөлімшесі болды. Кеңшар негізінде округте 11 ӨК, 6 ЖШС, шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы 4 жалпы орта мектеп, балабақшалар, 2 клуб, 2 кітапхана, емхана, фельдшер-акушерлік пункт, 4 дәрігерлік пункт, 4 май шайқау цехы, 2 базар, 7 дүкен бар. Ауылдан академик Қ. Медеубеков шыққан. Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымовтың туған жері.

Дереккөздер

Санат:Қазығұрт ауданы елді мекендері