Серғали Көшербаев (1944 ж. т., Шәуілдір ауылы) – онколог ғалым, медицина ғылымдарының докторы. Өмірбаяны Ақтөбе мемлекеттік медицина университетітін бітірген (1966). 1966 – 1967 жылдары дәрігер, 1967 – 1968 жылдары дәрігер-терапевт, 1968 – 1989 жылдары Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты химия-терапия бөлімінде клиникалық ординатор, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болған. 1989 – 1994 жылдары облыстық онкологиялық диспансердің (Шымкент қаласы) бас дәрігері, 1994 жылдан Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясында онкология, сәулелік диагностика, сәуле терапиясы кафедрасының меңгерушісі. Еңбектері 1 ғылым кандидатын тәрбиелеген. 110 ғылыми еңбегі, 1 монографиясы, 1 авторлық куәлігі бар. Шығармалары Лучевое и химилучевое лечение рака пищевода, А., 1989; Способ лечения злокачественных опухолей, Авторское изобретение. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том Сілтемелер
Санат:Тұлғалар