Жем ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. 2000 жылға дейін Калинин ауылдық округі деп аталған.
Әкімшілік құрамы Құрамына Тұрғызба, Қараша, Қойсары ауылдары кіреді. Орталығы – Тұрғызба ауылы. Округ құрамында болған Аққұдық ауылы 2013 жылы таратылған.Аққұдық елді мекенін тарату және оның аумағын Атырау облысы Жылыой ауданы Жем селолық округінің Тұрғызба ауылының құрамына енгізу туралы
Сипаттамасы Тұрғызба ауылы аудан орталығынан 18, облыс орталығынан 240 шақырым жерде орналасқан.
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3441 адамды (1773 ер адам және 1668 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Тұрғызба 1798 2483 2846 3397 Аққұдық 216 102 46 Қараша 340 179 146 28 Қойсары 265 100 106 16
Тарихы 1962 жылы Жылой, Жаршық, Қияқ, Калинин ауылдық кеңестерінің негізінде құрылған.
Дереккөздер
Санат:Жылыой ауданы ауылдық округтері