Сағыз ауылдық округі — Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Сағыз, Былқылдақты, Кенбай, Қоңыраулы ауылдары кіреді. Орталығы – Сағыз ауылы"Қазақ энциклопедиясы", X том. Округ құрамында болған Шолақсай ауылы 2013 жылы таратылған.Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Сипаттама Шығысы мен солтүстік батысында Ақтөбе облысының Байғанин, Ойыл аудандары, оңтүстігі мен оңтүстік батысында Мақат, Жылыой аудандары және Мұқыр ауылдық округімен шектеседі.https://atr.kz/zhanalyqtar/b-gingi-sa-yiz-b-ryin-yi-auyil-emes/ Атырау газеті, 08.11.2016. Бүгінгі Сағыз бұрынғы ауыл емес Сағыз ауылы облыс орталығы Атырау қаласынан 265 км, ал аудан орталығы Миялы ауылынан 117 км жерде орналасқан. Жер көлемі - 4600672 га. Округте негізінен мал шаруашылығымен айналысады.Қызылқоға - құт мекен. Алматы: «Өлке» баспасы, 2005 ж. ISBN 9965-599-97-1

Тарихы Округ аумағында 1928 жылдан бастап Ақшелек, Қоянды, Былқылдақты ауылдық кеңестері кұрылып, орталықтары болып Ақшелек, Кенбай, Сарытоғай елді мекендері белгіленді. Аталған ауылдық кеңестерде 1934 жылы «Алғабас», «Жаңаталап», «Ақшелек», «Буракөл», «Ақкиіз», «Шоқат» колхоздары кұрылады. Сол кездерде алғашқы ауылдық кеңестерінің төрағалары Зинет Маханов, Жолан Көшелеков, Далабай Абатов, Қонарбай Бисенов, Қапан Бүркітәлиев, Нұрман Дауылбаев сынды азаматтар еңбек етіп, елді отырықшылыққа үйретуге, алғашқы қиындықтарды жеңе білуге жұмылдырды. Ұлы Отан соғысына аталған үш ауылдық кеңестен 300-дей азамат аттанып, олардын 184-і, ерлікпен қаза тапты. Зобалаң жылдарда осы өңірдің 9 адамы саяси қуғын-сүргін кұрбаны болды. Қиын кезеңдерде селолық округ территориясында Гурьев-Қандыағаш теміржолы салынып, бірнеше бекеттер орнап, өңір стратегиялық маңызға ие бола бастады. Қарақияқты серіктестігі орналасқан осы елді мекен 1938 жылы Сағыз селосы болып аталды.

1958 жылы Былқылдақты, Қоянды, Акшелек ауылдық кеңестері біріктірілуі арқылы Сағыз селолык кеңесі кұрылып, оның орталығы болып Сағыз ауылы белгіленеді. Сол кездерден бастап ауылдық кеңес төрағалары Далабай Абатов, Бекен Каментаев, Аққали Ахметов, Төлен Жүкеев, Тотай Дөкеев, Әбдеш Бисенов, Қайыржан Жантөриев басшылық етті. Сағыз селолык кеңесі 1993 жылы Сағыз ауылдық округі болып қайта кұрылды. Оның алғашкы әкімі Каримолла Іңірбаев, одан кейін А. Молдашев, Қ. Базарбаев, С. Тұрыш, Е. Арыстангалиев, А. Сәрсенғалиев сынды азаматтар болды.Сағыздың бойы ен жайлау 1-кітап Алматы: «Арыс» баспасы, 2009 ж. ISBN 9965-17-582-9

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 7441 адамды (3706 ер адам және 3735 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Сағыз 5353 6009 6530 7249 Аққұдық 305 98 - Былқылдақты 306 294 143 42 Кенбай 479 294 167 85 Қоңыраулы 299 200 142 65 Шолақсай 291 223 110 онын ішінде (адам): еңбекке жарамдысы -2 833 жұмыс жасайтыны -2 044 жұмыссыздар - 205 зейнеткерлер - 571 мүгедектер - 146 аз қамтылғандар - 34 балалар саны - 2741 мектепке дейінгі - 760 мектеп жасындағы - 1981 оқу орнында оқитындар - 150

Бір жанұядағы орташа адам саны -6 Көп балалы отбасылар -546 4 балалы -210 5 балалы -112 6 балалы -78 8 және оданда көп балалы -142

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер «Сағыз» - Қой және ешкілерді көбейту «Бәйтерек-1» «Жандос-Сервис» - инженерлік ғимараттар құрылысы Шаруа қожалықтары «Алып Ана» «Аққұдық» «Ер Қалыбай» «Сапаш» «Қарамырза» «Мәтжан» «Жұлдыз» «Алтай» «Дәулет» «Торғай» «Бекет» «Буракөл» «Былқылдақты» Өндіріс мекемелері Сағыз автотранспорт мекемесі 1969 жылы құрылды. Мекеме жүргізушілері аудандағы 8 кеңшар мен аудан көлеміндегі мекемелердің жүктерін тасыды. Алғашқыда шағын автокөлік мекемесі болып құрылған автопарктегі машиналардың саны 105-ке дейін көбейді, бірнеше жеңіл тракторлар болды. Автобаза құрылғанда алғашқы директоры болып Бақтықожа Сейтешов одан кейін Тілекқабыл Мырзағалиев, Ғалымжан Тастанбеков, Сүндет Алауов және Тоғызбай Есенов, Рахымжан Сүйеуғалиев директор болып жұмыс жасады. Сағыз теміржолы 1942 жылы Қандағаш-Гурьев аралық темір жол учаскесі -тұракты пайдалануға берілген күнінен бастап, Сағыз стансасы халық шаруашылығын, экономикасын өркендету жұмысы бойынша, пойыздарды қабылдап, жөнелту жұмыстарын қалтқысыз орындап жатыр. Тәулігіне 14 пойыз қабылданады, 10 пойыз жөнелтіледі. Тәулігіне орта есеппен 304 вагонға жүк тиеліп, 794 вагоннан жүк түсіріледі. Қызметкерлердің жалпы саны - 65. Оның ішінде қозғалыс жүйесінде - 31 қызметкер, жүк тасымалы жүйесінде - 34 қызметкер. Вагон айналымы өткен екі жылды салыстырғанда 14,2 пайызға өскен.

Негізгі экономикалық көрсеткіштер Шағын субьектілері өнімдері мен қызмет түрлері Құм өндіру, бензин сату, тамақтану, сауда-саттық орындары, жеке көліктер қызметі Мал басы Барлық мал басы -26 258 бас. оның ішінде: ірі қара 4 934 қой-ешкі 19 926 жылқы 1 043 түйе 358

Ауыл шаруашылығы Ет өндіру, барлығы: (ауыл шаруашылығы құрылымдары, шаруа қожалықтары, жеке қожалықтар) -13 131 тонна Сүт өндіру, барлығы: (ауыл шаруашылығы құрылымдары, шаруа қожалықтары, жеке қожалықтар) -14 236 тонна Жүн өндіру, барлығы: (ауыл шаруашылығы құрылымдары, шаруа қожалықтары, жеке қожалықтар) -253,7 тонна Көкөніс өндіру - 3 тонна Картоп өндіру -2,5 тонна

Мәдени-әлеуметтік мекемелер Мектептер Кенбай орта мектебі — Кенбай елді мекенінен 1934 жылы 3 жылдық бастауыш мектеп ашылды. Бастауыш мектептің алғашқы ұстазы Сағынғали Жұмағалиев болды. 1938-1939 оқу жылында 5-сынып, 1941-1942 жылдары бірінші рет жеті жылдық мектеп түлектерін шығарды. Бұл кезде мектепте 59 окушы оқыды. Алғашкы директоры Қосжан Әйішев еді. 1949 жылы Кенбайда 25 балалық интернат ашылды. 1963 жылы Кенбай орталау мектебі Сағыз станциясына көшірілді. Мектеп үш корпустан тұрады. Оның үшеуі де оқу корпусы. Мектеп алғаш (1 корпус) 1972 жылы ашылған. Екі қабатты сыйымдылығы 380 оқушы. Қосымша мектеп үйі 1985 жылы пайдалануға берілген. Мектеп типтік жобамен салынған, жоба бойынша сыйымдылығы 180 оқушы. Мектеп жанындағы бастауыш мектеп 1978 жылы салынған, 100 орындық.https://kenbai.kyzylkogabb.kz/kz/mektep-turaly.html Мектеп туралы № 9 орта мектеп - оқушылар саны 863; № 9 орта мектеп 1940 жылы 1 қыркүйекте бастауыш мектеп болып ашылып, өз жұмысын бастады. 1947 жылдан бастап жеті жылдық, 1954 жылдан бастап он жылдық мектепке айналған. 1958 жылы 24 шәкірт бітіріп шықты. Сағыз орта мектебі - 01.09.2018 жылы құрылған. видео-бақылау, футбол алаңы, хореография кабинеті, тир кабинеті, стоматология кабинеті (барлық жабдығымен), STEM кабинеті, акт зал және студия (барлық жабдықпен), асхана, кітапхана, оқу залы компьютер жабдығымен, кітап қорын сақтайтын бөлме, технология кабинеті қыз және ұл балдарға арналған (барлық жабдығымен), гимнастика залы, спортзал душ кабинетімен жабдықталған. А. Өміров атындағы саз мектебі - оқушылар саны 143; Балалар саз мектебі 1977 жылы Аманбай Өміровтың қолдауымен ашылды.Алғашқы кезде 60 оқушы оқытылса, бүгінгі таңда 143-оқушы төрбиеленуде. Мектепте А. Өміров 1977 жылдан 1982 жылға дейін басшылық қызмет атқарды. Саз мектебінде - домбыра, қобыз, теория, хореография бөлімдері бар. Т. Жанұзақов атындағы бастауыш мектеп — Кенбай ауылындағы бастауыш мектеп (1-ші деңгей).https://qyzylqoga.kz/zhanalyqtar/qogam/atyrau-oblysynda-21-mektep-shtatty-rezhimde-zh-mys-istep-zhatyr.html Атырау облысында 21 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

Колледж Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі (Сағыз ауылы, Декеев Тотай көшесі-2) — Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі алғаш рет 1959 жылы Приморье ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі болып құрылып, бірнеше рет құрылымдық өзерістер болды. 1964 жыл-№ 112 селолық кәсіптік-техникалық училищесі 1991 жыл-№ 11 орта кәсіптік-техникалық училищесі 1996 жыл-№ 8 кәсіптік-техникалық мектеп 2008 жыл-«№ 11 кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесі, 2012 жыл-«Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі» мемлекеттік мекемесіhttps://kyzylkoga-coll.kz/kz/kolledj-tarihi/kolledj-tyrali.html «ҚЫЗЫЛҚОҒА АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Мектепке дейінгі балалар мекемесі «Балауса» балалар бақшасы: 1962 жылы ашылды. 1991 жылы 140 орындық жаңа типтік балбақша ғимаратына көшірілді. «Ақбота» балалар бақшасы: Мәдениет үйі, кітапхана «Шұғыла» мәдениет үйі — мәдениет үйі 1980 жылы ашылды. Оның 300 орындық көрермен залы бар. Кенбай клубы Сағыз ауылдық кітапханасы - кітап қоры 14958 (мың дана) Денсаулық сақтау ісі Сағыз бөлімшелік ауруханасы — Аурухана 1963 жылдың 5 тамызында ашылды. Аурухананы алғаш ұйымдастырушы да бас дәрігері де сол жылы Ақтөбе медицина институтын бітіріп келген Жақсыбай Сәрсенов болды. Алғашқыда 5 адам, яғни, 1 дәрігер, 4 медбике жұмыс жасады. Аурухана 1964 жылдың ақпан айынан бастап 25 орындық болды. 1974 жылы аурухана жаңадан салынған ғимаратқа көшіріліп, 30 төсектік орынға дейін кеңейтілді. Қазір 6 дөрігер, 14 орта дәрежелі медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Аптекалар -2 ФАП -2

Көліктер Жеке меншік көліктер -267 Жеңіл көліктер -119 Жүк машиналары -67 Тракторлар -47 Мотоциклдер -40

Дереккөздер

Санат:Қызылқоға ауданы ауылдық округтері