thumb|right|200px| Михаил Николаевич Тухачевский (16.02.1893 жыл, Смоленск губерниясы, Дорогобугинск уезі (қазіргі Смоленск облысы, Сафонов ауданы, Следнев ауылы) — 12.06.1937 жыл, Мәскеу) — әскери қолбасшы және әскери теоретик, Кеңес Одағының Маршалы (1935), Бірінші дүниежүзілік және Азамат соғысына қатысқан.
нобай|оңға|Алғашқы КСРО Маршалдары (1935). Төменгі қатарда солдан оңға қарай: Михаил Тухачевский, Климент Ворошилов, Александр Егоров. Жоғарғы қатарда бірінші Семён Буденный және Василий Блюхер. Ақсүйектер отбасынан шыққан. Александровск әскери училищесін бітірген (1914). 1918 жылдан бастап Қызыл Армия қатарында, Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетінің әскери бөлімінде, Мәскеу ауданының әскери қорғаныс комиссары қызметтерін атқарған. 1918 жылы Шығыс майданның 1-Армиясына қолбасшылық еткен, бұл армия Орынбор бағытындағы Орталық Волга бойында ақ чехтарға және ақ гвардияшыларға қарсы ұрыстар жүргізген. Тухачевский 1920 жылдың ақпан-сәуір айларында Деникин әскерлерін талқандаған Кавказ майданының және Кеңес-поляк соғысы кезінде Батыс майданның қолбасшысы болды. 1925-1928 жылдары РККА штабының бастығы 1931 жылдан КСРО РӘК (Революциялық Әскери Кеңес) төрағасының орынбасары 1934 жылдан Қорғаныс Халкомының орынбасары 1936 жылы 1-орынбасары қызметтерін атқарған. Жазықсыз жазаланып, қаза тапқан, кейін ақталған.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:16 ақпанда туғандар Санат:1893 жылы туғандар Санат:Смоленск облысында туғандар Санат:12 маусымда қайтыс болғандар Санат:1937 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Кеңес Одағының маршалдары Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар Санат:Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар Санат:Азаматтық соғыс қатысушылары Санат:Ресей империясы офицерлері Санат:КСРО мемуаршылары Санат:Қайтыс болғаннан соң ақталғандар Санат:КСРО-да ақталғандар Санат:Әскери теоретиктер