Кеңес ауылдық округі – Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Жауғаш батыр, Кеңес ауылдары кіреді. Орталығы – Кеңес ауылы. 2017 жылы Кентай ауылы Ақермен ауылдық округіне берілді.Жамбыл облысы Меркі ауданы Кеңес, Ақермен ауылдық округтерінің шекараларын (шегін) өзгерту туралы
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Жауғаш батыр ауылы 770 78 10,1 384 47 12,2 386 31 8 Кеңес ауылы 2332 1977 84,8 1196 1033 86,4 1136 944 83,1 Жалпы саны 3102 2055 66,2 1580 1080 68,4 1522 975 64,1
Инфрақұрылымы Округте бір орта, бір бастауыш мектеп, екі мед.пункт, мәдениет үйі, кітапхана, байланыс бөлімшесі, тамақтандыру орны бар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
Тарихы Округ аумағында "Қазақстан" колхозы болған. Бұл колхоз 1960-70 жылдары облыс, республика көлемінде миллионер колхоз атанған. Колхоздың малшылары мен механизаторлары, қызылшашылары жоғарғы жетістіктерге қол жеткізіп, өз қаражаттарына бірнеше адам бір-бір ГАЗ-24 ("Волга") жеңіл автокөлігін сатып алады. Ол кездерде "Волга" автокөлігін тек басшылар ғана мінетін.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Меркі ауданы ауылдық округтері