Жүрекадыр — Абай облысы Абай ауданындағы ауыл, Құндызды ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қарауыл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 67 км жерде, Көксала өзенінің сол жағалауындағы бұта аралас бетеге, селеу, қылқан боз, көде өскен құрғақ дала белдемінде орналасқан.

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен 1539 1382 89,8 785 719 91,6 754 663 87,9

Тарихы 1963 жылға дейін Құндызды ауылдық кеңесі мен ұжымшардың және қой кеңшарының орталығы болып келген. Оның негізінде 1997 жылдан 1 өндірістік кооператив пен 53 шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, дәрігерлік-амбулаторлық пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) елді мекендері