Телқара – Шалқартеңіз алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 100 км. Су жиналатын алабының аумағы 1400 км².

Бастауы Ырғыз өзені тұсынан басталып, Торғай өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аңғары кең, беткейі түйетайлы. Жауын-шашын суымен толығады. Басты салалары – Жаман Телқара, Жақсы Телқара. Көп жылдық орташа су ағымы 0,14 м³/с. Жайылмасы шабындыққа пайдаланылады. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Ырғыз ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы