Шелдеу машинасы — терінің шелін алу үшін былғары және тері өндірісінде қолданылатын машина. Оның негізгі жұмыстық тетігі — винт пышақты болат білік. Шелдеу машинасының жұмыс әрекеті терінің ортаңғы қабаты (дерма) мен шел қабаттың жұмсақ-қаттылығына негізделген.
Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы, 9 том
Санат:Машиналар