Иван Алексеевич Алешин (5.6.1929 ж.т., Саратов облысы, Балашау қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1974), профессор (1974).

Ашхабад медицина институтының емдеу факультетін (1950) бітірген. 1953–61 ж. Ашғабат медицина институтының физиология кафедрасының аспиранты, ассистенті. 1961–87 ж. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында қалыпты физиология кафедрасының доценті, профессор, меңгерушісі қызметтерін атқарып келеді. 130-дан аса ғылыми еңбектің авторы.

Шығармалар Очерки частной электрофизиологии желудка, Л., 1983.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:5 маусымда туғандар Санат:1929 жылы туғандар Санат:Саратов облысында туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары