Катапульта«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том (латынша catapulta, грекше katapeltes – жоғарыдан төмен лақтыру) 1) ежелгі заман мен орта ғасырлардағы ширатылған талшықтың (сіңірден, былғарыдан, тағы басқа материалдан жасалған) серпімділік күші арқылы жұмыс істейтін лақтырғыш машина; қоршаудағы қамалға 250 – 850 м қашықтықтан ауыр тастарды, жанғыш зат толтырылған кеспектерді, тағы басқа лақтыратын соғыс құралы. Біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырдан б.з-дағы 15 ғасырға дейін, отты қару-жарақ шыққанша қамалдарды басып алуда негізгі құрал ретінде қолданылды; 2) авиа тасығыш кеме палубасынан ұшақтардың, планерлердің, тағы басқа ұшу аппараттарының ұшуы мен жылдамдық алуын қамтамасыз ететін қондырғы; 3) ұшқышты, ғарышкерді ұшатын аппараттан автоматты түрде лақтыратын механизм.
Дереккөздер:
Санат:Машина