Сансызбай Мұқаметқалиұлы Жиентаев – экономика ғылымдарының докторы (1996), професор (1997). Қысқаша өмірбаяны
1976 Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1976–80 Осы университетте аспирант, кіші ғылыми қызметкер, 1980–91 Қостанай ауылы шаруашылығы институтында (қазіргі Қостанай мемлекеттік университеті) ассистент, кафедра меңгерушісі, доцент, декан; 1994–97 Қостанай мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі болды. 1997 жылдан проректор қызметінде. Сансызбай Мұқаметқалиұлы Жиентаев 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. Шығармалары: Хозяйственный расчет и НТП в сельском хозяйстве, А., 1992; Приватизация в сельском хозяйстве Казахстана, М., 1994.Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:1952 жылы туғандар