Сіләмбек Қыдыралин (20.10.1908, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы — 27.2.1983, Семей қаласы) — актер, Қазақ КСР-інің халық артисі (1954).

1934 ж. Семейде ұйымдасқан облысы қазақ драма театрының (қазіргі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы Қазақ музыкалық-драмалық театры) актерлер труппасына қабылданады.

Қыдыралин театр сахнасында Кебек, Еспембет, Қобыланды, Абай (М. Әуезов, “Еңлік-Кебек”, “Қара Қыпшақ Қобыланды” және Л.С. Соболевпен бірігіп жазған “Абай” спектаклінде), Тарғын, Бекежан (Е.Г. Брусиловский, “Ер Тарғын” мен “Қыз Жібек”), Балуан (Ғ. Мүсірепов, “Ақан сері — Ақтоқты”), Шораяқ (Ш. Хұсайынов, “Алдаркөсе”), т.б. рөлдерді орындап, актерлік шеберлігін танытты.

“Құрмет Белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:20 қазанда туғандар Санат:1908 жылы туғандар Санат:Абай ауданында (Абай облысы) туғандар Санат:27 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1983 жылы қайтыс болғандар Санат:Семейде қайтыс болғандар Санат:Қазақстан актерлері Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері Санат:Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы Қазақ музыкалық-драма театры әртістері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері