Қастай Наменгенов (2.5.1927 жылы, Қарағанды облысы Жаңаарқа аудуданы Ортау ауылы – 1991 жыл) – заң ғылымдарының докторы (1984), профессор (1987). Алматы мемлекеттік заң институтын (1953, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Ош облысында (Қырғызстан), Алматы қаласында облыстық адвокаттар коллегиясында адвокат (1953–55), Кәсіподақтардың Қазақ Республикасының заң консультациясында кеңесші (1956–1961), Қазақстан Ғылым Акакдемиясының философия және құқық институтында аспирант, кіші аға, ғылыми қызметкер, Қазақстан ҒА Төралқасының ғалым-хатшысы, Қазақстан Ғылым Акакдемиясының қызметін үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары (1961–83), Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) кафедра меңгерушісі қызметтерін (1983–91) атқарған. 1982 жылы .Абсолютные и относительные изобретательские правоотношения «Абсолютные и относительные изобретательские правоотношения» тақырыбында докторантуралық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері ғылыми-техникалық прогрестің құқықтық мәселелеріне арналған.Қазақ ЭнциклопедиясыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Сілтемелер Алматы мемлекеттік заң институты Қазақстан Ғылым Акакдемиясы Адвокат

Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан адвокаттары Санат:1927 жылы туғандар Санат:1991 жылы қайтыс болғандар Санат:Ғылым