Жыланды – Торғай қолатының солтүстік-шығыс бөлігіндегі төбешікті қырат.

Географиялық орны Ақмола және Ұлытау облыстары аралығында орналасқан.

Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 25 – 30 км-ге созылған, ені 5 – 7 км-дей. Абсолюттiк биіктігі 262 м. Солтүстік-шығыс беткейі көлбеу, оңтүстік-батысы тік құлама, қорым тасты, құнарсыз, қиыршықтасты сұр топырақты. Онда шөлейт жердің өсімдіктері және бұта өседі. Қысқы, жазғы мал жайылымы.

Геологиялық құрылымы Тау палеоген мен неогеннің сазды және құмтасты шөгінді жыныстарынан түзілген.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ақмола облысы таулары Санат:Ұлытау облысы таулары