Бидашев Орынбай (1923-2003)«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том– шопан, Социалистік Еңбек Ері (1976). 1923 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында туған.

Еңбек жолы 1940 жылдан 1983-ші жылға дейін «Төменарық» кеңшарында шопан болып, жоспарды абыроймен орындап отырған: осы жылдар ішінде кеңшарға 103280 сом таза пайда келтірген; 1975 жылы қарауындағы отардың әр 100 саулығынан 220-ға дейін төл алып, 400 қозыны өсімге қалдырған.

Марапаттары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1976)

Тағы қараңыз Социалистік еңбек ерлері

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері