thumb|Светлана Федоровна Бычкова

Светлана Федоровна Бычкова (7 шілде 1957 жылы, Алматы қаласында туған) – заң ғылымының докторы (1996 жылы). Қазақ Мемлекеттік Университетін (1978 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті), Бүкілодақтық соттық сараптау ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1986 жылы) бітірген. 1978–83 жылдары Бүкілодақтық соттық сараптау ғылыми-зерттеу институтының кіші (1978–83 жылдары), аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Еңбек қызметі

1978-1997 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің сот сараптамасы ҒЗИ инженер, сарапшы, кіші ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары, директордың міндетін атқарушы. 1997-2002 жж. - сот сараптамасы ҒЗИ базасында құрылған Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығының директоры. 2002 – 2007 жж. - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі. 2007 – 2011 жж. – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылғы қаңтардан бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

57-ден астам ғылыми еңбектің, 2 монографияның авторы.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том

«Ерен еңбегі үшін» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған. ҚР Президентінің алғысымен, төс белгі берілуімен ескерілген (2007).

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында керсетілген мақсаттар, міндеттер мен қағидалар толықтай жүзеге асырылған, гүлденген мемлекеті».

Хоббиі - ғылыми іс-әрекет.

Сүйіп оқитын әдебиеті - «Әр түрлі, әдебиетті таңдауда басты талап оның жанры емес, сапасы болып табылады».Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Шығармалары

1. "Система подготовки экспертных кадров", Алматы, 1992;

2. “Становление и развитие науки о судебной экспертизе“, Алматы, 1994;

Сілтемелер

1. «Бычкова Светлана Федоровна» 2. «БЫЧКОВА Светлана Федоровна»

Дереккөздер</span>

Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары Санат:Жамбыл облысында туғандар Санат:1957 жылы туғандар