Жезді өзені – Сарысу алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағып өтеді. өзен 91 км, су жинайтын алабы 3850 км2.
Бастауы Ұлытаудың шығыс беткейінен басталып, Жезқазған қаласынан 25 км оңтүстікте Қаракеңгір өзеніне құяды.
Гидрологиясы Арнасы тік жар. Қар, жаңбыр суымен толығады. Көктемде ғана су ағады. Жылдық орташа су ағыны 1,22 м3/с. Жездінің кішігірім 16 саласы бар, олардың әрқайсысының ұзындығы 10 км-ден аспайды. Өзен бойында Жезді кенті, Жезді бөгені орналасқан."Қазақ энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы