thumb|200 px|Жердің гравитациялық анамалиясы Салмақ — Жер бетіне жақын тұрған денеге әсер ететін ауырлық күшінің сандық шамасы: P=mg, мұндағы m — дене массасы, g — еркін түсу үдеуі (немесе ауырлық күшінің үдеуі). Дененің массасы тұрақты шама, ал g мәні Жер бетіндегі ендікке және теңіз деңгейінен есептелетін биіктікке байланысты (мысалы, Алматы үшін g=9,804м/с2) өзгеретіндіктен, оған сәйкес дененің салмағы да өзгереді. Дененің салмағы күш бірлігімен (Н, кгк, дина және т.б.) өлшенеді. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
САЛМАҚ - 1. дене салмағы; 2. ілінісу салмағы - көліктік құралдың жетекші доңғалағына түсетін және олардың жолмен ілінісуін қамтамасыз ететін ілінісу салмағы.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Дереккөздер:
Санат:Күш
vi:Tương tác hấp dẫn#Trọng lực