Маңғыстау – Маңғыстау облыстық газеті.

Тарихы 1973 жылы 13 сәуірде “Коммунистік жол” деген атпен жарық көрді.

1988 жылы газет шығуын тоқтатты.

1990 жылы қайтадан ашылып, “Маңғыстау” деп аталды.

Редакторлар тізімі 1. Рысхан Мусин, облыстық басылымның алғашқы басшысы, танымал журналист-публицист, «Лениншіл жас» газетінен келді, басқарған жылдары — 1973-1977.

2. Жәмек Оспанов, танымал журналист-публицист, ардагер, «Социалистік Қазақстан» газетінен келді, басқарған жылдары – 1977-1978.

3. Сәуірбай Есімов, журналист, Атырау облыстық партия комитетінен келді, басқарған жылдары – 1990-1994.

4. Мейрамбай Қибасов, белгілі журналист-публицист, газетте 40 жыл еңбек етті, «Жаңаөзен» газетінің негізін салды, облыстық газетті басқарған жылдары-1994-1995.

5. Жоламан Бошалақ, тележурналист, облыстық телекомпаниядан келді, басқарған жылдары — 1995-2001.

6. Маңдайлы Қосымбай, белгілі журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшілігінен келді, басқарған жылдары – 2001-2013 (ақпан).

7. Ғалым Әріп, ақын-журналист, «Маңғыстау» газеті (30 жыл), 2013 жылдан(ақпан) басқарып келедіhttps://mangystaumedia.kz/mangystau-gazeti/ .

Газет туралы ақпарат Аптасына 3 рет шығады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Дереккөздер

Санат: Маңғыстау облысы газеттері Санат:Қазақ тілді газеттер