Тасты ауылдық округі – Түркістан облысы Созақ ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Қылты, Тасты ауылдары кіреді. Орталығы – Тасты ауылы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, Х том.

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Қылты ауылы223 108 48,4 119 62 52,1 104 46 44,2 Тасты ауылы 1187 1362 114,7 587 706 120,3 600 656 109,3 Жалпы саны 1410 1470 104,3 706 768 108,8 704 702 99,7

Инфрақұрылымы Ауыл әкімдігінде 1 мектеп, 1 аурухана, ФАП бар. Ерекшеліктері Тасты ауыл әкімдігі аумағында “Төртқұдық” уран өндіру кеніші орналасқан. Тасты кеңшары 1946 жылдан құрылған. Кеңшар директорлары Кеңшар директорлары болып Боранбаев, Қасқыров, Тыщенко (1946-1953 жылдары), Қалмырзаев Маулен (1953-1958 жылдары), Анарбаев Қали (1958-1973 жылдары), Әлтекенов Әбдіқадыров (1973-1991 жылдары), Оспанов Жақсылықов (1991-1992 жылдары), Мұсабаев Сағынтай (1992-1996 жылдары), Жүнісәлі Жұмабек (1996-1998 жылдары) қызмет атқарды. Ауылдық кеңес төрағалары Ауылдық кеңес төрағалары болып Құтжанов Нұртай (1958-1960 жылдары), Серіков Әбілдә (1960-1965 жылдары), Сарсенбиев Нұрман (1965-1968 жылдары), Бектаев Басар (1968-1974 жылдары), Жақсылықов Жұманазар (1974-1980 жылдары), Мырзатаев Бахадүр (1980-1987 жылдары), Абдікаримов Есен (1987-1994 жылдары) қызмет атқарған. Ауыл әкімдері Ауыл әкімдері болып: Жүнісұлы Жұмабек (1994-1996 жылдары), Бектаев Амангелді (1996-1997 жылдары), Алпамысов Жорабек (1997-2006 жылдары), Сақтапбергенұлы Пардабек 2006 жылдан бастап ауыл әкімі болып қызмет атқаруда.Шолаққорған-2008 кітабі. “ЖЕБЕ” баспа үйі 2008 жыл.

Дереккөздер

Санат:Созақ ауданы ауылдық округтері