Қалмақты, Қалмақтау – Нұра алабындағы көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Қорғалжын ауданының батысында, Өркендеу ауылынан батысқа қарай 19 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 8,5 км2 (соңғы жылдары аумағы 4,5 км2-ге дейін кішірейді). Теңіз деңгейінен 308 м биіктікте жатыр. Көлдің ұзындығы 2,7 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 9 км. Су жиналатын алабы 32 км2. Жағалауы жайпақ, түбі лайлы. Еріген қар және жер асты суларымен толысады. Кермекті, суы тұздылау келген. Мал суаруға пайдаланылады. Қуаңшылық жылдары кеуіп қалады.

Санат:Қорғалжын ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы көлдері