Нәметбай мешіті – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы сәулет ескерткіші.
Орналасқан жері Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ташкент көшесі, 21.
Мешіт сипаты Нәметбай мешітінің ауласы 1897 жылы қалыптасып, онда медресеге арналған үй, тұрғын үй сап түзеген. 1998 жылы мешіттің кіре берісіне жаңа қақпа салынып безендірілді. Қабырғасы сабан араластырылған саз балшықпен сыланған. Бөлме қабырғалары, көк, қызыл, жасыл түстермен безендірілген. Намаз оқитын бөлменің биіктігі 5 м. Бөлменің төбесі мен тіреуіш қызметін атқарып тұрған бағаналар ою-өрнектермен айшықталынған."Қазақ Энциклопедиясы"
Сыртқы сілтеме Жамбыл облысы бойынша Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі
Дереккөздер
Санат:Тараз мешіттері Санат:Тараз сәулеті Санат:Жамбыл облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері