Қамысты, Камышлово — Қамыстысай сайындағы тұзды көл.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 118,7 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 13,9 км 2, ұзындығы 8,3 км, енді жері 2,1 км, жағалау бойының ұзындығы 21,4 км. Суы тұзды, жағалауы жайпақ. Алабының басым бөлігі жыртылған. Кейбір жерлерінде шоқ қарағай орманы кездеседі.
Санат:Мағжан Жұмабаев ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы көлдері Санат:Тұзды көлдер