Сабыр Шәймерденұлы Арыстанбаев (9 мамыр 1932, Шиелі кенті) — инженер-гидротехникалық Қаз КСР-нің еңбек сіңірген гидротехнигі (1976). Алматы қаласындағы ауыл шаруашылық (Қазақ ұлттық аграрлық университеті) институтын бітірген (1953). 1962–1965 жылдары Қызылорда су құрылысы мекемесінде бөлім бастығы, 1965–1966 жылдары КСРО Су шаруа министрлігінің жобалау-ізденіс экспедициясының бас инженері, 1967–1991 жылдары облысы су шару мекемесінің бас инженері, бастығы болды. Арыстанбаев облысы Су шаруашылығын автоматтандыру және механикаландыруды іске қосу, мелиорация жүйені пайдалану тиімділігін арттыру, т.б. ауыл шаруашылық жұмыстарына зор үлес қосты. «Еңбек Қызыл Ту», Халықтар достығы ордендерімен және медальдармен марапатталған. Қызылорда облысының құрметті азаматы (2013).СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024
Дереккөздер