Иван Иннокентьевич Попов (15.4.1919 жылы туған, Ресей, Киров облысы Подосиновец ауданы Чуприяново ауылы – 25.10.1998, Қарағанды қ.) – техника ғылымының докторы (1972), профессор (1973), Қазақстан Ғылым Академиясының академик (1979). 1958 жылдан өмірінің соңына дейін Қарағанды политехникалық инсититутында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) педагог, басшылық қызметтер атқарған. Экономика тиімділігі жоғары карьер көлбеулігінің орнықтылығын басқару тәсілдерін жасап, өндіріске енгізген. Қосқан үлесі Попов Қазақстанда карьер кертпеші мен беткейінің және төбенің орнықтылығын басқару тәсілдерін жасау және зерттеудің ғылыми мектебін қалыптастырды. Ғылыми еңбектер 130-ға жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 10 монографияның авторы. Попов есімі Қазақстанның Алтын кітабына енгізілген. Предупреждение оползней на карьерах(соавт) 1960; Автоматизированная обучающая система с игровым моделированием проблемных ситуаций и ее эффективность (соавт.) (1980).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Марапаттар Қазақ КСР-і Мин-лер Кеңесі сыйл. лауреаты (1989)."Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер</span>