Өтімділік (Өтемпаздық)– пассив бойынша міндеттемелерді төлеу үшін актив баптарын ақшаға айналдыру мүмкіндігі; материалдық құндылықтарды өткізудің‚ сатудың‚ қолма-қол ақшаға айналдырудың оңайлығы; субъектінің өз активтерін қолма-қол ақшаға айналдыру және борышқорлық міндеттемелерін орындау қабілеті (төлем төлеуге қабілеттілік). Өтімділік кәсіпорындар мен несие мекемелерінің қаржы жағдайының маңызды сипатамасы болып табылады. Оның көрсеткіштерінің бірі – ақшалай қаражат пен тез өткізілетін активтердің міндеттемелер сомасына қатынасы. Өтімділік қозғалысы дегеніміз қолма-қол ақшаның ағылып келуі мен оның төлемдері‚ кез келген уақытта қолда болатын ақшалай қаражаттың мөлшері. Кәсіпорынның нарықтағы‚ сыртқы экон. және басқа қызметтегі шешуші жағдайы қолма-қол ақшаның қозғалысы көрсеткішімен айқындалады. Активтердің өткізілу дәрежесіне қарай оларды мынадай топтарға бөлуге болады: Өтімділігі жоғары топтар – ақша‚ алтын‚ ағымдағы шотта тұрған қаражат‚ қысқа мерзімді мемл. бағалы қағаздар‚ вексельдер‚ тез сатуға болатын мүлік‚ т.б.; Өтімділікгі орташа топтар – меншікті бағалы қағаздар‚ жөнелтілген тауарлар‚ көрсетілген қызметтер‚ орындалған жұмыстар бойынша мерзімі өтіп кеткен берешек; Өтімділікгі төмен топтар – тауар-материалдық құндылықтар‚ негізгі құрал-жабдық. Түрлі мақсаттар үшін фирмалар балансының өтемпаздығын талдап‚ бағалау кезінде аудиторлар әдетте мынадай көрсеткіштерді қолданады: Меншікті айналым капиталы – айналым капиталы мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы айырма; Өтімділік коэффициенті – өтімділікгі жоғары активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы ара салмақ; Өтеу коэффициенті – айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы ара салмақ.Қазақ энциклопедиясы, 7 томҚаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Өтімді қаражат Қарыз міндеттемелерін жабу үшін пайдаланылатын ақша қаражаттары мен басқа активтер. Өтімді қаражатқа: қолма-қол ақша қаражаты, шоттағы және банктегі ресурстар, құнды қағаздар мен айналым қорындағы жеңіл өткізілетін элементтер кіреді.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 Сілтемелер Ақша айналымы. Қолма-қол ақша айналымы. Төлем айналымы.
Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Құқық Санат:Заң