Майдандық қазақ газеттері Майдандық қазақ газеттері“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 — 2-дүниежүзілік соғыс кезінде майдандағы қазақ жауынгерлеріне арналып шыққан әскери газеттер. Жауынгерлер арасында ақпарат таратуда, ұйымдастыру іс-шараларын жүргізуде Майдандық қазақ газеттерінің маңызы зор болды. Қазақ тілінде барлығы 20-ға жуық газет жарық көрді. Олар 1942 — 45 ж. шығып тұрған: “Отан үшін” (Солтүстік-Батыс майданы) “Жауға қарсы аттан” (1-Балтық жағалауы майданы) “Суворовшы” (2-Балтық жағалауы майданы) “Отанды қорғауда” (Ленинград майданы) “Совет жауынгері” (3-Украин майданы) “Қызыләскер ақиқаты” (Батыс, кейін 3-Белорус майданы) “Отан намысы үшін” (1-Украин майданы) “Майдан правдасы” (Волхов майданы) “Жауды жоюға” (Брянск майданы) “Сталин туы” (Оңтүстік, кейін 4-Украин майданы) “Сталиндік жауынгер” (Приморье тобы, кейін Приморье соғыс округі) “Отан үшін ұрысқа” (Карелия майданы) “Дабыл” (Қиыр Шығыс майданы), т.б. Газет беттерінде 2-дүниежүзілік соғыстың барысы, елдегі хал-ахуал, қазақ жауынгерлерінің майдан даласындағы ерлік істері, т.б. мәселелер көтерілді. Газеттерді шығаруға: Қ.Әбдіқадыров Д.Әбілев Ж.Молдағалиев С.Мәуленов С.Сейітов Ж.Жұмақанов Ы.Дүйсенбаев С.Машақов Ә.Бектемісов Қ.Сағындықов М.Дінішев О.Құдышев Б.Жұмағалиев Қ.Шәріпов, т.б. ақын, жазушы, журналистер атсалысты.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан газеттері