Ливановка — Қостанай облысы Қамысты ауданы, Қамысты ауылдық округі құрамындағы ауыл, 2019 жылға дейін таратылған Ливанов ауылдық әкімдігі орталығы болған.

Географиялық орны Аудан орталығы - Қамысты ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде, Томарлықопа көлінің солтүстік-батыс жағасында, дала белдемінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1342 адам (660 ер адам және 682 әйел адам) болса, 2009 жылы 529 адамды (263 ер адам және 266 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесін 1910 жылы Ресейден қоныс аударған шаруалар қалады. 20 ғасырдың 30-жылдарының басынан бастап 1997 жылға дейін ұжымшар орталық болып келді. Кейін оның негізінде шаруа қожалықтары құрылды.

Дереккөздер

Санат:Қамысты ауданы елді мекендері