Географиялық орны Лимпопо (Lіmpopo)Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы — Оңтүстік Африкадағы өзен. Ұзындығы. 1600 км, алабының ауданы 440 мың км².

Бастауы Витватерсранд жотасының солтүстік беткейінен басталады да (Велд үстіртінен) Оңтүстік Африка Республикасы, Мозамбик, Ботсвана және Зимбабве мемлекеттері арқылы ағып өтіп, Үнді мұхитына құяды.

Гидрологиясы Ірі салалары: Улифантс, Нотвани, Шаши, Шангане. Жазғы жаңбырлы маусымда су деңгейі төменгі ағысында 5 — 7 м-ге дейін көтеріледі. Жылдық орташа су ағымы 800 м3/с. Сағасынан 160 км-ге дейін кеме жүзеді.

Дереккөздер</span>

Санат:ОАР өзендері Санат:Мозамбик өзендері Санат:Боствана өзендері Санат:Зимбабве өзендері