Сыңғырлау — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ауыл.
Географиясы Аудан орталығы Бейнеу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 км жерде орналасқан«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007..
Тарихы Іргесі 1983 жылы қаракөл қойын өсіретін кеңшар ұйымдастыруға байланысты қаланған. 1996 жылы кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды.
Халқы 1999 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 897 836 531
Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, клуб, фельдшаруашылық-акушерлік пункт, АТС, байланыс үйі, сауда орындары жұмыс істейді. Сыңғырлауда аудандық суару жүйесінің бөлімшесі, ұлутас және қиыршықтас карьерлері орналасқан. Ауылдан шығысқа қарай 4 км жерде «Орта Азия – Орталық» газ құбыры өтеді.<ref">Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>.
Тарихи ескерткіштер Ауыл маңында Көркембай мешіті, Омар-Тұр, Қосарқан, Аманжол, Шаған, Иманбай, Бегем, Қосмағамбет, Мейір, т.б. тарихи-мәдени ескерткіштер бар.
Дереккөздер
Санат:Бейнеу ауданы елді мекендері