Айтқұлов Алпамыс Оразауханұлы (1946 жылы туған, Форт-Шевченко қаласы) – мұнайшы-ғалым, экономика ғылымы докторы (1996), Қазақстан Республикасының жоғары білім үздігі (1996).
Өмірбаяны ҚазПТИ-ді (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1969).
1969 – 1886 жылы аспирант, аға инженер, сектор меңгерушісі, қ-ндағы Қазақтың мұнай-газ ғылыми-зерттеу институтында инженер, кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі болды.
1986 жылдан АқтМУ-да аға оқытушы, доцент, проф.
Еңбектері мен марапаттары «Мұнай кен орындарынан өнім алу, реттеу жұмыстарын жетілдіру» (2000), «Қазақстан мұнай кен орындарының өнім бергіштік қабілеттілігін арттыру» (2001), «Жер асты сұйықтар механикасы және мұнай өнімдерін игеру негіздері» (2003) атты кітаптары жарық көрді.
«Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен (2006) марапатталған.
Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан экономистері