thumb|300px|right|Коти сарайы Сикоку — Жапониядағы арал, Жапон топаралының оңтүстігінде орналасқан. Аумағы 17,8 мың км2 (маңайындағы 300-дей ұсақ аралдармен бірге — 18,8 мың км2). Тынық мұхит, Ішкі Жапон теңізі, Кии, Наруто, Хаясуи, Бунго бұғаздарымен, Тоса шығанағымен ұласады. Жер беті аласа және орташа тау жоталарынан (Исидзути тауы, биіктігі 1981 м-ге дейін), олар негізінен гранит, тақтатас және жанартаулық тау жыныстарынан құралады. Сикокуде Жапониядағы мыс кентасының ірі кен орны бар. Климаты субтропиктік, муссондық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 — 3000 мм аралығында; тайфун жиі соғады. Өзендерінің суы мол. Субтропиктік жалпақжапырақты ормандар өседі. Негізінен цитрустық жемістер, күріш, қант құрағы өсіріледі. Балық аулау дамыған, меруерт кәсіпшілігі бар. Басты қалалары: Мацуяма, Такамацу, Токусима, Коти; thumb|300px|right|Anraku-ji in Kamiita, Tokushima. Сикоку Хонсюмен үш Жапон экпрессжолдарымен қатынасады.
Санат:Жапония аймақтары Санат:Сикоку аймағы Санат:Тынық мұхит аралдары Санат:Жапония аралдары