right|thumb| alt=A.|250 px|"Электрофорез"
Тоғыспалы иммуно-электрофорез (ТИЭФ) —вирустар және бактериялар тудырған ауруларға иммунологиялық диагноз қою әдістерінің бірі. Бір-біріне сай антиген мен антиденелердің гелді ортада преципат жасауына негізделген. Әдетте қолданылып жүрген иммунодифузия әдістері антидене мен антигеннің кеңістікте барлық бағытта бос жылжуын пайдаланады, ал ТИЭФ-де олар электр күшінің әсерімен кездескенге дейін бір-біріне қарсы жылжиды. Көпшілік антигендерде сілтілік қасиет бар, сондықтан олар анодқа қарай жылжиды, ал антиденелер нейтральды болады да, гель сұйықтығымен қосылып, электроосмостың әсерінен катодқа қарай жылжиды.Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
Дереккөздер
Санат:Медицина Санат:Вирусология Санат:Иммунология Санат:Генетика Санат:Молекулалық биология