Ақпараттық есептеу желісі (Информационно-вычислительная сеть; information computer network) — мәліметтерді жеткізу желісі, дара арна немесе циклдық сақина арқылы бір-бірімен жұмыс істейтін абоненттік жүйелердің жиынтығы. Мұндай желілердің топологиясы (пішін үйлесімі) тармақты, жұлдыз тәрізді, сақиналық, жергілікті, дара арналы, көп торапты, бір торапты, циклдік, ұяшықты, ақпараты маршрутталған және сұрыпталған болуы мүмкін.

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника