Информосомалар — эукариоттар торшасының құрам бөлшектері, иРНҚ мен белоктан тұрады. Екеуінің салмақ қатынасы 1:3. Информосомалар көлемі жағынан әртүрлі, тұну қасиеті 15S тен 110S дейін.
Информосомалар үш түрге бөлінеді: 1) ядро ішіндегі; 2) цитоплазмада бос кездесетіндер; 3) полирибосома құратындар.
Информосомалар цитоплазмада көп уақыт өмір сүре алады, иРНҚ қорын сақтайды. Трансляциядан соң информосомалар ыдырайды.Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
Дереккөздер
Санат:Медицина Санат:Вирусология Санат:Иммунология Санат:Генетика Санат:Молекулалық биология