Бекет Мырзағұлұлы (Бекет ата) (1750, Құлсары – 1813, Оғыланды) — Байұлы тайпасы Адай руының Қосқұлақ бөлімінен шыққан қазақтың әйгілі батыры, қолбасшы, ағартушысы, ойшылы, сәулетшісі. Халық әулие тұтқан. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген.

Өмірбаяны Хиуадағы Бақыржан (Пақыржан) қажыдан оқып, діни білім алған.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х Хиуадағы Шерғазы хан медіресесін тәмамдаған соң Бекет 21 жасында туған жеріне оралып, Жем бойындағы Ақмешітті тұрғызып, бала оқытқан дейді шежіреші қарттар. Ал 24 жасында Бейнеуде жерасты мешітін салады. Ұлы ұстаз Бақыржан Қожаның таңдауы Бекетке түсіп, сүйікті шәкіртіне батасын беріп, өзі сол жылы мәңгілік сапарға аттаныпты. Сөйтіп, Бекет ата 40 жасында ұстазы Мұхаммад Бақыржан Әзизден бата алып, ислам әлеміне танымал “сопылық жолдың” Пірі болады. Сопы мәртебесіне иеленіп, балаларды сауаттылыққа үйретіп, жерасты құрылымдар салуды бастаған.

Бекет жастайынан білмекке құмар болып, алғырлық зеректігімен көзге түскен. Ол ат жалын тартып мінген, оң-солын тани бастаған кездің жаугершілігі мол болған. Содан да ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ерте араласып, парасат-пайымымен, ерлік-табандылығымен жұрт көзіне ертерек түскен. Ол, әсіресе, медресе-мешіттер салдыртып, халықты имандылыққа, кісілікке, ауызбірлікке баулуға айрықша көңіл бөлген.

Бекет ата салдыртқан мешіттер күні бүгінге дейін біршама тәуір сақталған. Әсіресе, өзінің сүйегі қойылған Үстірттің Маңғыстау жақ ойысындағы Оғыланды мешіті үш бөлме етіп ойылған қалпы әлі тұр. Бекеттің немересі Мұрынның мүрдесі де осында. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2

Қызметі Көзінің тірісінде оның қабілетін, қызметі мен жеке басына тән жаратылысын сипаттайтын ерекше төрт қасиеті болған: Біріншісі — халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске белсене араласқан батыр. Екінші — ғылымның қиын жолымен жүріп өтіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан ағартушы. Үшінші — ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап ғимараттар салған сәулетші. Төртінші — мүсәпірлер мен ауруларға қол үшін берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай білген сәуегей. Бекет атаның бұл қасиеттері көзінің тірісінде-ақ ел арасында аңызға айналғаны сонша, "Мединеде — Мүхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет, Маңғыстауда — Пір Бекет" деген сөз сол кезде шықса керек. Сондықтан да оның ел алдында мәртебесі биік болған, сәуегей ретінде құрметтеп, пір тұтатын. Халық мұндай асыл азаматқа деген сүйіспеншілігі мен құрметін ұрпақтан-ұрпаққа аңыз арқылы жеткізген. Әрине, аңызға ақиқат ретінде қарауға болмайды, дегенмен, Бекет атаның атына байланысты жазылған әңгімелер оның өмірінен алынған.

Қалың жауға қарсы қол бастап, қарсы шапқан қаһармандығымен Бекет батыр атанған. Шайқастарда Бекетке оның мейрімділік, әділдік сияқты адал қасиеттерінен туындаған бейбітшілікке деген сүйіспеншілігі сүйеу болған. Адам баласына көмектесуді және оларға білім беру, жақсылық жасауды Бекет ата Алланың бұйрығы деп санаған. Бекет ата Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітінде жерленген. Көпшілік Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді.

XIX ғасырда Үстіртті зерттеген топограф Э.Эверсман, А.Дюгамель ғалымдар сол аңыз-әңгімелердің негізінде жинаған деректерін жазып қалдырған. Кеңес кезінде М. Меңдіқұлов, Ә. Кекілбаев, Е. Өмірбаев, Қ. Сыдиықов т. б. зерттеушілер жазған.

Мешіті Бекет-Ата жер асты мешіті Үстіртте Оғыланды манында орналасқан. Мешіт бұталармен толтырылған терең құдықты төменге бағытталған үлкен тастың ортаңғы бөлігінде орналасқан. Жер астындағы мешіттің кіреберісінде шағын алаң бар. Алғашқы бөлмеде жарық күмбезді төбеге оралған тесіктен жарық түседі. Осы бөлмеден шығыс оңтүстік қабырғасында михраб орналасқан намаз залына, сондай-ақ, оның біреуінде Бекет-ата жерленген екі оңтүстік-шығыс бөлмелерге апарады. Мешіт - Қазақстандағы қажылықтың белгілі орындарының бірі. Мешіттің жанында Бекет-атаның бұлақтары мен құдықтары бар.

Бекет ата ескерткіштері — Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет ата есімімен байланысты жерасты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. XIX ғасырда Үстіртті зерттеген топограф Эдуард Эверсман, Александр Дюгамель ғалымдар сол аңыз-әңгімелердің негізінде жинаған деректерін жазып қалдырған. - деген. Бекет ата бұл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан.

Ел жадында қалған әңгімелерде Жем бойындағы Ақмешітте Бекет ата бала кезін, ал өмірінің соңғы жылдарының көбін Оғыландыда өткізген.

Отбасы Адай атаның алтыншы ұрпағы саналатын Мырзағұл еңбекқорлы­ғымен елінің сыйына бөленген, ал анасы Жәния ақылдылығымен ауыл-аймағының арасында қадірі асқан жандар болыпты. Атасы Жаналы да әділдігімен аты шыққан, қоныстас руларға танымал, беделді ақсақал болған көрінеді. Жаналы мен Мырзағұл да әулие кісілер болған, жалпы Қосқұлақ әулеті зайырлы тұқым деп есептеледі.

Бекет ата төрт ағайынды: Бекет, Алдаберген, Алдоңғар, Меңдіқұл.

Бес баласы болған: Бәйтелі, Жайлау, Тоғай, Байнияз, Қодар.Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Бекет ата туралы тарихи деректер Шежіре бойынша шығу тегі: Адай - Келімберді - Мұңал - Жаулы - Қосқұлақ - Жаналы. Жаналыдан бес бала: 1. Атағұл, 2. Өтеғұл, 3. Еділбай, 4. Жарылғап, 5. Мырзағұл. Бекет-атаның әкесі — Мырзағұл, анасы — Жәния. Бекет-атаның анасы қасиетті Назар қожаның қызы. Кәрі нағашысы, жетіру тама Есет Көкіұлы (1667-1766) қалмаққа қарсы соғыстарда елге танылып, батыр. Бекет Мырзағұлұлы туралы алғашқы тарихи деректерді парсы араб жазбалары құрайды, Бұл бағытта қазақстандық деректанушы ғалымдар Болат Көмеков, Меруерт Әбусейітова, Жұлдыз Төлебаеваның тұжырымды ғылыми зерттеулері бар.

Мухаммад Ибн аль Бакир қолжазбасында «Бекет-Ата» өмірінде қиындықтарды көп көрген, ол адам таңғаларлық кереметтер көрсете алатын үлкен қасиет иесі, сұпылықтағы ең жоғарғы мәртебесі — «машайық» дәрежесіне жеткен жан» деп жазылған. Өзбек зерттеушісі Ешмуратов өз еңбектерінде 1812 жылы жазылған Мухаммед Мехригуннын «Рисолаи Хилфати Суфихо" еңбегінде Бекет 1764 жылы Маңғыстауда өмірге келіп, 1776 жылы Хиуадағы Шерғазы ханның медресесінде Бокиржон Бабаның шәкірті болғанын көрсетеді. 1788 жылдарға дейін осы медреседе білім алған. Орыс жазбаларындағы деректерді ғалымдар Бейімбет Ирмұканов, Кереева-Қанафиева, Фетисов өз зерттеулерінде пайдаланып, ғылыми бағалады. 1809 жылы башқұрт топырағында дүниеге келіп, біраз ғұмырын Үстірт бойында өткізіп, оның картасын жасақтап, өте құнды мәліметтер жинақтаған орыс офицері П.Алексеев өз еңбегінде Бекет Атаның аталған мешітінің бірінші бөмесінің суретін жариялап, оның Бейнеудегі мешіті жайлы: - деген дерек қалдырыпты.

Белгілі қазақ ғалымы, филология ғылымдарының кандидаты Қабиболла Сыдиықұлы 1885 жылғы «Русский архивте» жарияланған А.Дюгамельдің жазбаларында: "Ақбор төбенің бетіндегі қасқырдың үңгіріндей тесікке бір адам зорға сиып, үш құлаштай үңгірмен жүргенде ені екіжарым құлаш, биіктігі кісі бойындай дөңгелек киіз үй пішініндегі сағана тамға кіреді. Сыртта құдық бар. Оның оң қапталында тағы бір бөлме. Осылардың арасында сырық тұр. Жемдегі Ақмешітті бұдан елу жыл бұрын салған… Бекет өлген соң Оғыландыға қойылған», - делінгенін айтады. Жылойлық Жолдасқали Сүйесінон Бекет Ата жайлы мәліметтің 1820 жылдары Бөкей Ордасында болған неміс саяхатшысы Шульцтін жазбаларында да бар екенін сез етеді. Ол сонымен бірге: «Еділ қалмақтарымен болған соғыста Бекет Ата жиырмадағы жігіт болса керек. Қалмақ әскерлеріне қарсы Бекеттің жалғыз өзі ту көтеріп шыққанда жау быт-шыт болып, жан-жаққа қашады… Осы жеңісі үшін ханның әйелі Бопай Бекеттің бетінен сүйеді…» деп көрсетілген. Бұл,1771 жылдын басында Еділ жағалауынан Жоңғарияға қарай үдере көшкен Убаши бастаған 30909 үй қалмақ пен жергілікті қазақтардың арасындағы атышулы айқас болса керек. Сол жылы Бекет Ата, 20-21 жас шамасында болған. 1771 жылдың қысындағы Айшуақ сұлтанның басшылығымен Сағыз өзені бойындағы, Әбілқайырдың Бопай ханымнан туған ұлы Нұралы ханның бастауымен Ойыл мен Мұғаджар маңындағы қалмақтар мен қазақтар арасындағы қиян-кескі ұрыстар жайлы А.Левшин жазбаларында да деректер кездеседі. Халқымыздың ауызша тарих айту дәстүріндегі деректерде де Бекет Ата туралы мол мағлұматтар бар. Түмен Балтабасұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Бала Ораз Өтебайұлы, Насихат Сүгірұлы Бекет Ата туралы жыр толғаған. 1885-1957 жылдары өмір сүрген Түмен Балтабасұлы «Құдіреті күшті кең Алла» жырында Бекет ата туралы сөз етеді.

Қазақ елі тәуелсіздікке қолы жеткелі бері де Бекет Ата жайлы сүбелі-сүбелі еңбектер жарық көрді. Олар: 400-ге тарта естелік әңгімелерді жинақтап «Бекет Ата» деген атпен баспадан шығарған Мырзабекұлы Ислам қажы (1993), ғалым Қабиболла Сыдиықұлының зерттеу кітабы (1994), Маңдайлы Қосымбаеваның «Бекет Ата - 250. Ас шежіресі», Ғафу Қайырбековтың Бекет Ата туралы толғауы, Фариза Оңғарсынованың «Оғыланды», Рахмет Аяпбергенұлының «Бекет Ата» атты поэмалары, солармен қатар Есенғали Раушанов, Сабыр Адай, Мэлс Қосымбаев, Сайын Назарбекұлы, Әзірбайжан Қонарбаев, Сақып Керелбаев, Әбілқайыр Спан, Рахат Қосбармақ, Ғалым Әріп, Өмірзақ Озғанбай, Әбдірахман Базарбаев, Ырза Оңғарбай, Светқали Нұржан, C.Бөлекұлы, Л.Сисекенов, A.Ершуов, Қ.Жұмашев, Р.Зейноллақызы, Ж.Абижановтар сияқты басқа да көптеген қаламгерлердің кітаптары, жырлары, мақалалары, ғалымдардың еңбектері жарық көрді.

Есеттің Бекетке айтқаны Тоқсаннан асқан шағында Есет батыр он екі жасар жиені Бекетке: Үстіңнен дүбір кетпесін,

Құлағыңнан сыбыр кетпесін.

Ақ пен қараны айырар,

Жауды кері қайырар,

Атыңда айтып тұрғандай дүр боларсың.

Елге шуақ шашып нұр боларсың, Үш жүзге танымал Пір боларсың.. - деп бата берген екен.

Дереккөздер

Санат:Қазақ философтары Санат:Қазақ батырлары Санат:Ислам дінтанушылары