Пенелопе Крус (, 28 сәуір 1974 жылы дүниеге келді, Мадрид, Испания) — испан актрисасы, «Оскар» 2009 «Вики Кристина Барселона» киносында үздік екінші пландағы әйел рөлі үшін ие болды. Ол Педро Альмодовардың киносы бойынша танымал бола бастады.
Өмірбаяны 1974 жылы 28 сәуірде Мадрид қаласында, кішігірім тауар сатумен айналысатын кәсіпкер мен шаштаразшы отбасында дүниеге келді. Бала кезінен би, джазбен айналысады және 9 жастан Испан ұлттық консерваториясында классикалық балетке үйренеді. 15 жасында телешоу және музыкалық клиптерде ойнай бастайды. Ал 1991 жылы «Грециялық лабиринт» фильмінде кинодебют жасайды.
1992 жылы «Сұлулық эрасы» киносында ойнайды, бұл кино ұлттық жүлделерге ие болып, Америкалық киноакадемия тарапынан үздік шетел фильмі деп танылды. 1997 жылы Пенелопе шынымен де танымал болды. Бұл танымалдылық «Жаны бар тән» және «Көзіңді аш» киноларымен келді.
1999 жылы Кан фестивалі Альмодовараның «Барлығы менің анам туралы» киносымен басталды, осыдан кейін актриса Мэтт Дэймон («Тұсаусыз жүректер»), Джонни Депп («Кокаин»), Николас Кейдж («Корелли капитанның таңдауы»), Сальма Хайек («Қарақшы қыздар»), Том Круз («Ванильді аспан») және т.б. танымал актерлермен ойнай бастайды. и др.
Пенелопеның сіңлісі — Моника Крус — актриса, әрі биші.
Фильмография Жыл Фильм Рөл Белгілер 1992 Сүрлеген шошқа май, сүрлеген шошқа май (Jamón, jamón) Silvia Сұлулық эрасы (Belle epoque) Luz 1997 Көзіңді аш (Abre los ojos) Sofía Жаны бар тән (Carne trémula) Isabel Plaza Caballero 1998 Сен армандаған қыз (La niña de tus ojos) Macarena үздік актриса Goya Award лауреаты Дон Жуан (Don Juan) Mathurine 1999 Барлығы менің анам туралы (Todo sobre mi madre) Sister María Rosa Sanz 2000 Тұсаусыз жүректер (All the Pretty Horses) Alejandra Феминистка (Woman in Top) Isabella Oliveira 2001 Кокаин (Blow) Mirtha Jung Құдайдан жаңалық жоқ (Sin noticias de Dios) Carmen Ramos Корелли капитанның таңдауы (Captain Corelli’s Mandolin) Pelagia Ванильді аспан (Vanila Sky) Sofia Serrano 2003 Фанфан-тюльпан (Fanfan la tulipe) Adeline La Franchise Готика (Gothika) Chloe Sava 2004 Басы бұлттарда (Head in the Clouds) Mia Кетпе (Non ti muovere) Italia Ноэль (Noel) Nina Vasquez 2005 Сахара (Sahara) Eva Rojas 2006 Хромофобия (Chromophobia) Gloria Қарақшы қыздар (Bandidas) María Álvarez Оралу (Volver) Raimunda «Оскар» номинациясы, үздік актриса — премия «Гойя»2007 Қайырлы түн (The Good Night) Anna Манолете (Manolete) Antoñita «Lupe» Sino 2008 Элегия (Elegy) Consuela Castillo Vicky Cristina Barcelona || María Elena || Оскар-2009 — Екінші пландағы үздік актриса |- |rowspan=3| 2009 || G-Force || Juarez (дыбысталу) || post-production|- | Тоғыз (Nine) || Carla || pre-production|- | Үзілген құшақтар (Los abrazos rotos'') Magdalena режиссёр Педро Альмодоваромен 4-киносы
Дереккөздер
Санат:Үздік қолдаушы актриса үшін Оскар сыйлығының иегерлері