Архив (Archive) - программалар мен мәліметтердің ұзақ уақыт сақтауға арналған, тығыздалып сығылған көшірмелері; программалар мен мәліметтердің көлемін оларды қалпына келтіру мүмкіндігі бар белгілі тәсілдермен кішірейте отырып, олардың тығыздалған күйіндегі көшірмелерінің сақталған жиыны. Уақытша қажеттілігі жоқ, бірақ керек кезінде пайдаланылатын сыртқы қордағы (резервтегі) мәлімет жинақтауышта — иілгіш магниттік дискіде, таспада — сақталатын файлдар. Көбінесе ол бірнеше файлдар тығыздалып жазылған бір файлдан, мысалы, Z/Z-файлдан, тұрады. Архивте сақтаулы мәліметтер туралы қосымша ақпарлар — файл аттары, жазылған мерзімі, көлемі болады.

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Компьютерлік техника