Интеллектілік интерфейсі (Интеллектуальный интерфейс; intelligent interface) — пайдаланушының компьютермен табиғи тілде әрекеттесетін құралдарының жиынтығы. Оған сұхбаттық процессор, білім базаларында сақталатын ақпараттар негізінде программадағы мәселені шешу сипаттамасын түрлендіретін жоспарлаушы және интерфейстің барлық құраушыларымен басқаруды іске асыратын монитор жатады.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер
Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника