Ауыстыру (Перемещение; relocation) — 1) жаңа адрестен бастап мәліметтерді негізгі жадқа орналастыру; 2) программаның негізгі жадтағы тұрған орны өзгерген кезде ауысатын адрестік тұрақтыға жаңа мәндер телу. Режимі Ауыстыру режімі (Режим замены; overtype mode) — 1) терілген бұрынғы симводдарды жаңа символдармен алмастыруды жүзеге асыру. Бұл режімді орнату үшін INSEPT пернесін басу керек, ал Word программасында терезенің төменгі бөлігіндегі қалып-күй жолындағы ЗАМ (заменить) индикаторын екі рет басу қажет; 2) экрандық редакторларда — пернетақтадан енгізілетін таңба меңзермен нұсқалатын таңбаның орнын алмастыратын режім; 3) ауыстырылатын буферді пайдаланатын мәліметтер алмасу режімі. Бұл режімде буфер сегменттері пайдаланушының жұмыс аймағына айналады және керісінше болады. Буферлер мен жұмыс аймағының арасында ешқандай жөнелту болмайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника