Мұхтар Ақатұлы Аюбаев (22 тамыз, 1959, Түрген ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Президенті Сақтандыру Қызметінің бастығы.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, 2013 жылдың наурыз айнда Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен Республикалық ұланының қолбасшысы қызметіне тағайындалды, генерал-лейтенант.ҚР Республикалық ұланының жаңа қолбасшысы тағайындалды

Қысқаша Өмірбаяны

Шапырашты руынан шыққан.Новая Газета Казахстан - КЛАН — КЛАНЫ ВЫБИВАЕТНовая Газета Казахстан - Пройти по черте 1959 жылы 22 тамызда Алматы облысы Шелек ауданының Түрген ауылында туған.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х Әкесі - Аюбаев Ақат Рәшұлы (1937 жылы туған), зейнеткер, Алматы облысы Кербұлақ ауданында кеңшар директоры болып жұмыс істеген. Анасы - Аюбаева Гания Бекқұтымқызы (1939 жылы туған), зейнеткер. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институтының инженерлік-механикалық факультетін (1981) «Жеңіл өнеркәсіп машиналары және аппараттары» мамандығы бойынша; КСРО МҚК жоғары курстарын (Минск қаласы, 1985); Қазақ гуманитарлық-заң университетінің заң факультетін (2005) заңгер мамандығы бойынша бітірген. 1975 жылдан - ұжымшар жұмысшысы. 1981 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1983 жылдан - Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы. 1984 жылдан - КСРО МҚК жоғары курстарының курсанты. 1985 жылдан - «Жетісу» Алматы өндірістік аяқ-киім бірлестігінің слесарь-жөндеушісі; Пақтаарал АБ жедел өкілі, Сайрам АБ жедел өкілі, Шымкент облыстық ҰҚКБ жедел өкілі. 1991 жылдан - Талдықорған облыстық ҰҚКБ жедел өкілі, аға жедел өкілі, хатшылық-басқармасының бастығы. 1995 жылдың қаңтар айынан - ҚР Президентінің жеке күзеті келулерді қамтамасыз ету бөлімінің бөлімше бастығы, жеке күзет бөлімі бастығының орынбасары, ҚР Президентінің Күзет қызметі бірінші департаменті бастығының орынбасары. 2002 жылдан - ҚР Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары - ҚР Президенті Қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің бастығы. 2004 жылдың ҚР Республикалық гвардиясы қолбасшысының бірінші орынбасары. 2006 жылдың қаңтар айынан - ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары - ҚР Президентінің Қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің бастығы. 2006 жылдың наурыз айынан бері - ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы. 2013 жылдың 6-наурыз күні Мұхтар Аюбаев Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Марапаттары II дәрежелі «Айбын» орденімен (2004); 8 медальмен. ҚР ПКҚ «Қазақстан Елбасы қорғаны» (2002) «Кеңес Әскерінің үздігі» «Милиция озаты» белгілерімен марапатталған түрлі ведомстволық сыйлықтармен көтермеленген. ҚР Президенті Күзет қызметінің Құрметті қызметкері. Алматы облысы Құрметті азаматы. «Шебер» біліктілік санатына ие (1-ші санаттағы маман тәлімгер). Еркін күрестен спорт шебері.

Үй жағдайы Үйленген. Жұбайы - Аюбаева Жамал Әкімқызы (1960 жылы) Ұлдары - Алмас (1984 жылы туған), Айбол (1987 жылы туған); қызы Әлипа (1993 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:22 тамызда туғандар Санат:1959 жылы туғандар Санат:Еңбекшіқазақ ауданында туғандар Санат:II дәрежелі Айбын орденінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан генерал-лейтенанттары Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Алматы облысының құрметті азаматтары Санат:Қазақстан спорт шеберлері Санат:Қазақстан балуандары