Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті — діни қызмет саласын реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомствосы.
Тарихы ҚР Әділет министрлігінің Діни істер комитеті ҚР Үкіметінің 2005 жылы 30 желтоқсандағы қаулысымен құрылды."Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 желтоқсандағы № 1319 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005 № 50, 648-бап). 2010 жылы Діни істер комитеті ҚР Мәдениет министрлігіне берілді. 2011 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті таратылып, өкілеттігі ҚР Дін істері агенттігіне берілді. 2014 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті болып қайта құрылып, 2016 жылы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне берілді. 2018 жылы комитет ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті болып өзгертілді. 2019 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті болып өзгертіліп, 2023 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағына берілді.
Міндеттері Діни қызмет саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.
Құрылымы Комитеттің 9 басқармаcы бар (2023 жылға): Ислам діни бірлестіктерімен байланыс басқармасы Христиандық және басқа да діни бірлестіктермен байланыс басқармасы Оңалту жұмыстарын үйлестіру басқармасы Дінтану сараптамасы басқармасы Діни білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл басқармасы Діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасы Өңірлік жұмыс және ішкі үйлестіру басқармасы Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру басқармасы Интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасы"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Төрағалары Ералы Тоғжанов (2006—2008) Ардақ Досжан (2008—2011) Қайрат Лама Шариф (2011—2013) Марат Әзілханов (2013—2014) Ғалым Шойкин (2014—2017) Еркін Оңғарбаев (2017—2018) Ержан Нүкежанов (2019—2025) Әнуар Хатиев (2025 жылдан бастап)
Дереккөздер
Д